Бұған дейін 3 адамның мәйіті табылды.
Майқайыңдағы апат: төртінші адамның мәйіті 75 метр тереңдіктен табылды
1,192
оқылды

55 жастағы төртінші құтқарушы Айып Тілеубергеновтің мәйіті 75 метр тереңдіктен табылды. Мәйіт сараптамаға жіберілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іздеу жұмысына 200-ден астам маман жұмылдырылды. 180 мың тоннадан астам тау-кен массасы игерілді.

4 қаңтар күні «Майқайыңалтын» АҚ аумағында апат болып, 4 құтқарушы отырған автобус шұңқырға түсіп кеткен еді. Бұған дейін 3 адамның мәйіті табылды.

"4 қаңтар күні Майқайың кенішінің жанында жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС құтқарушылары отырған автобус құлап кеткен. Осы қайғылы оқиғадан кейін 7 ай уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қаза болған жандардың туыстары сияқты біз де жоғалған құтқарушыларды табамыз деген үмітте болдық. Айып Тілеубергеновтің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмға иман байлығын берсін", – деп жазды Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.