Бұл туралы әнші Бағлан Әбдірайымовтың парақшасында жазған.
Әбдіжаппар Әлқожаға айыппұл салынды
Фото: instagram.com/ abdizhappar_alkozha
4,006
оқылды

Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 10 тәулікке қамалып шыққан Әбдіжаппар Әлқожа ұсталған кездегі киімдерін өртегені үшін айыппұл төледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы әнші Бағлан Әбдірайымовтың парақшасында жазған. Ал Бағлан Әбдірайымов көлігін өртеуге қатысты видео жариялаған еді. 

“Достар, автокөлікті өртеп жібереді деп ойладыңыздар ма? Жоқ, біз аманатқа қиянат жасамаймыз. Дәл осы көлікті ертең сіздерге сыйлаймыз және тағы екі автокөлігіміз бар. 30 адамның 100 мың теңгеден қарызын жабамыз деген ниеттеміз. Тек кино көрген көрермен үшін ғана", – дейді ол. 

Бағлан Әбдірайымовтың бұл әрекетін көпшілік сынады. Әріптесі Әбдіжаппар Әлқожа оның постына от жаққаны үшін айыппұл арқалағанын айтып, пікір қалдырған. 

“Алатау ауданы әкімшілігі айыппұл салады. Бәке, байқаңыз. Көрдік өрт жаққанды. Айыппұлын төлеп, түсініктеме жаздық”, – деді Әбдіжаппар Әлқожа.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝐁𝐀𝐆𝐋𝐀𝐍 𝐀𝐁𝐃𝐑𝐀𝐈𝐌𝐎𝐕 (@baglan_abdraimov_official)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.