Сақтық шаралары қабылданды
Сақтық шаралары қабылданды
285
оқылды
Түркістан облысында ко­ронавирус бойынша жоғары деңгейдегі сақтық шаралары қабылданды. Атап айтқанда, кеден бе­кеттерінде төтенше жағ­дайдың жаңа деңгейінің жариялануына байланысты барлық өткізу пункттерінде санитариялық бақылауды күшейту мақсатында бе­кет­терге жергілікті ау­дан­­­дық санитариялық ба­­қы­­­­лау ма­мандары жұмыл­ды­рылып, мамандар тәулік бойы қыз­мет атқаруда. Бүгінде Түркістан облысы бо­йынша Мемлекеттік кіріс­тер департаментінің кеден бекет­терінде барлық қызметкер бір реттік медициналық маскалармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар әр өткізу пункттерінде адам­ның дене қызуын қа­шық­тықтан өлшейтін 3 дана құрылғы (тепловизор) жұмыс істеуде. Жалпы, облыстағы барлық өткізу пункттерінде 15 дана тепловизорлық бейне-камералар және қосымша 3 дана қолмен өлшеу құрылғысы бар. Бұл Karina.R.KZ деп ата­латын жүйе толығымен автомат­тандырылған. Дене қызуы кө­теріңкі азаматтарды 15 метр қа­шық­тықтан бірден анықтайды. Оны маман арнайы экраннан толық қадағалап отырады. Егер де жеке тұлғадан дене қызуы анықталған жағдайда, тепловизорлық камералар дабыл беріп, шара қабылдау үшін медицина қызметкерлеріне дереу хабарланады. Ағымдағы жылдың 31 қаң­тары мен 6 наурыз аралығында Түркістан облысы бойынша МКД өткізу пункттерінен Қа­зақстанға 619 320 жеке тұлға кір­ген, олардан дене қызуы анық­­тал­маған.   Тельман БЕЙСЕН, Түркістан облысы