Мобилограф Қыран Талапбек әлеуметтік желіде жақында ғана алған марапаты жайлы пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Әуелі Алла, одан кейін мені қолдаған әр жанға алғысым шексіз. Еңбегімізді бағалаған Мемлекет басшысына және жұмыс істеуімізге мүмкіндік берген әр адамға алғысым шексіз. (Атын айтпасам да біледі). Бірден айтайын: бұл орденге лайықты емес екенімді мойындаймын. Бұл менің емес, өз еңбегімен адал жұмыс істеп, адал нанын тауып жүрген 30 000 жас мобилограф маманның ордені. Бұл – менің емес, өз арманына ұмтылғысы келетін жастардың ордені. Құттықтап қолдаған әр жанға рақмет! «Лайық емес» деп наразы болғандарды да түсінемін. Артық алып бара жатқан ештеңеміз жоқ. Сондықтан орден өз иесін тапты. Орденді мен үшін ең лайықты кісі бола білген әкеме бердім», – деп жазды танымал мобилограф.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.