Анасын ақтық сапарға шығарып салған ол ата-ананы көзі тірісінде бағалауға шақырды.
«Балам, жылама...»: Дәулет Мұқаев анасы айтқан соңғы сөзді еске алды
Фото: instagram.com/ daulet_mukayev
1,771
оқылды

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев анасы жайлы жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Анасын ақтық сапарға шығарып салған ол ата-ананы көзі тірісінде бағалауға шақырды. Сонымен қатар анасы өмірінің соңғы сәтінде өзіне қандай сөз айтқанын еске алды.

«Бүгін анамызды соңғы сапарға шығарып салдық. Бұл сөздерді жыламай айту оңай соқпады. Бірақ анамның маған айтқан соңғы сөздері құлағымда тұрды. «Балам, жылама. Жыласаң ауырып қаласың. Сен мықты бол. Аллаға мың да бір шүкір. Мен саған разымын...» Маған тағы бір күш берген нәрсе – анамның соңғы демі шығарда Кәлиманы айтып, таң намазы кіргенде мәңгілік мекенге аттануы. Жаныңыз жәннатта болсын, жан анам! Тірісінде ананы бағалаңыздар, аялаңыздар, сыйлаңыздар. Тірісінде разылығын алыңыздар. Ешкім мәңгілік емес...», – деп жазды депутат.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Даулет Мукаев (@daulet_mukayev)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.