Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Баян Мақсатқызына Түркиядан сыйлық жіберді, – деп жазды Aikyn.kz.
Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында үшінші рет ана атанғанын айтқан еді. Содан кейін Айнұр Тұрсынбаева беріп жіберген сыйлықты көрсетті.
"Мынадай сыйлық келді. Кімнен екен?", - деген Баян Мақсатқызы жеміс-жидек салынған себетті ашып, ішіндегі хатты оқып берді.
Онда "Баяшка, ханшайымның бауы берік болсын! Ғұмырлы болсын! Aidyn_nury" деп жазылған.
"Көп рақмет, Айнұр. Анау Түркиядан құттықтап жатқан қандай мұқият адам едің", - деп алғысын білдірді продюсер.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.