Денсаулық сақтау министрінің орынбасары коронавирус жұқтырған
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары коронавирус жұқтырған
Фото: Интернеттен алынды
345
оқылды
Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрінің орынбасары, депутат-консерватор Надин Дорриске коронавирус диагнозы қойылды, – деп жазады ВВС-ге сілтеме жасаған «ҚазАқпарат». Дереккөздің жазуынша, Надин Доррис – коронавирус анықталған парламенттегі бірінші адам. Оның ағзасынан вирус табылғаннан кейін ол барлық ұсынылған сақтық шараларын қабылдап, үйінде карантинде қалды. Англияның Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі депутатпен байланысқа түскен адамдарды іздеуді бастады. Доррис өзімен бір үйде тұратын 84 жастағы анасының денсаулығына алаңдаулы екенін хабарлады. Сейсенбі күні депутаттың анасы жөтеліп, ауырған. Денсаулық сақтау министрлігі Дорристі ауру белгілері бейсенбі күні пайда болғанын мәлімдеді. Сол күні ол премьер-министр ұйымдастырған Даунинг-стрит шарасында болған. Англияның Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі Ұлыбритания бойынша барлығы 25 000 тест жасағанын айтып өтті. Айта кетейік, Ұлыбританияда вирустан 6 адам көз жұмды.