Құны 139 млн теңге болатын өңделген мұнай мемлекет кірісіне тәркіленді.  
Ақтөбе облысында мұнай компаниясы директорының орынбасары сотталды
2,144
оқылды

Ақтөбе облысында шикі мұнай өндіруді заңсыз жүзеге асырған «Сайгак Казахстан Б.В.» компаниясы филиалы  Бас директорының орынбасары сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі 2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы мамырға дейінгі кезеңде аталған компанияның филиалы «Сайгак» кен орнындағы келісімшарт шеңберінде шикі мұнай өндіруді жүзеге асырғанын, бұл ретте келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанын анықтады.   

– Осы жағдайларға қарамастан, олар жыл бойы кен орнында мұнайды заңсыз өндіру мен сақтауды жалғастырған. 

Жалпы, көлемі 3,5 мың тонна болатын 2 резервуарда құны 139 млн теңгеге өңделген мұнай мемлекет кірісіне тәркіленді.  

Кен орнын басқарған компания филиалы Бас директорының орынбасары 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп нақтылады ҚМА өкілдері.

Келтірілген шығын толық көлемде өтелді.