Әкесін ақтық сапарға шығарып сала алмағанына өкінетінін жеткізген болатын.
«Соңғы кездесуіміз екенін білмедім»: Айгүл Иманбаева марқұм әкесі туралы жазба жариялады
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva
6,445
оқылды

Актриса Айгүл Иманбаева марқұм әкесі туралы жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz. 

“Осыдан тура 1 жыл бұрын, 7 тамызда әкем өмірден өтті. Жатқан жеріңіз жайлы, иманыңыз жолдас болсын, әке. Мына видео екеуміздің соңғы кездесуіміз екенін сол кезде білмедім", – деп жазды әнші. 

Өнер иесі ата-анасы бала күнінде ажырасып кеткенін айтқан еді. Сонымен қатар әкесін ақтық сапарға шығарып сала алмағанына өкінетінін жеткізген болатын.

«Әкеммен табыспай тұрғанда қатты ұрсысып, балалық ренішпен «Өлсеңіз, топырақ салуға келмеймін» дегенмін. Сол сөзімді Құдай қабыл етті ме, мен шынымен әкемнің жерлеуіне жете алмай қалдым. Себебі шетелде жүргесін, Англияның мәдениетімен танысу үшін Шенген визасына құжат тапсырып қойғанмын. Құжаттарым Францияда. Дәл сол сәтте туысқандарым жан-жақтан хабарласып, әкемнің қайтыс болғаны туралы суық хабарды жеткізіп жатты. Әкемнің екінші әйелінен туған қызы – сіңлім Райхан да хабарласты. Келейін десем, құжатым жоқ, амалсыз жете алмадым. Қалай құжатым қолыма тиді бірден ұштым. Әкемнің жеті күндігіне ғана үлгердім», – деген еді актриса.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.