Нұржігіт те өзінің сауығып кетуіне тілектес болған барша қазақстандыққа алғысын білдірді. 
Әскердегі әлімжеттік салдарынан комаға түскен сарбаз ауруханадан шықты (ВИДЕО)
Фото: instagram/konstantin.avershin
22,755
оқылды

Отарда әскердегі әлімжеттік салдарынан комаға түскен 19 жастағы сарбаз Нұржігіт Әбділпат бүгін ауруханадан шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Константин Авершин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол Нұржігітті емдеген Қорғаныс министрлігінің әскери госпиталіндегі дәрігерлерге алғыс айтып жазба қалдырды.

«Баламды аяққа тұрғызуға көмектескен дәрігерлерге алғысым шексіз. Балам осылай тез арада жазылып кетеді деп ойлаған жоқпын. Сондықтан қуанышымды шек жоқ», – деді Нұржігіттің анасы Жанна Жаналина.  

Нұржігіт те өзінің сауығып кетуіне тілектес болған барша қазақстандыққа алғысын білдірді. 

«Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында сауығып шықтым», – деді ол.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысында әскерде жүрген жас сарбаз комаға түсіп, анасы әлеуметтік желі арқылы Президентке үндеу жариялап, көмек сұраған еді. Артынша Президенттің баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеумен танысқанын және аталған жағдайдың мән-жайын анықтап, кінәлілерді жазалау жөнінде тапсырма бергенін мәлімдеген болатын. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.