Көпқабатты үйдегі пәтерде жиһаздар мен тұрмыстық заттар өртенген.
Астанада өртенген пәтерден 15 жастағы жасөспірім құтқарылды
901
оқылды

Астаналық өрт сөндіруші тұрғын үйдегі өрттен 15 жастағы қызды құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін Астана қаласының Сығанақ көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің оныншы қабатында жиһаздар мен тұрмыстық заттар өртенген.

– 3-МӨСБ аға инженері Серік Рахимжанов 2009 жылы туған қызды өрттен құтқарды. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – делінген ТЖМ хабарламасында.