Сый жасаған сәттің видеосы TikTok әлеуметтік желісінде тарады.
Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Нұрбек Оралбайға құрмет көрсетіп, тон кигізді
Фото: видеодан кадр
3,612
оқылды

Бокстан 80 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған қазақ боксшысы Нұрбек Оралбайға әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар жақында Париж Олимпиадасында бокстан күміс медаль жеңіп алған Нұрбек Оралбайға сый жасаған сәттің видеосы  TikTok әлеуметтік желісінде тарады.

«Мына құндыз тон арнайы саған атап жасатып алдық. Өзіңе шап-шақ екен. Ал Айбекке інісіне қолдау көрсеткені үшін оған да бір ат мінгіземіз», – деді Қанат Айтбаев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.