Қазақстанда жеті түрлі азық-түлік бағасы арзандады. Сауда және интеграция министрлігі бағасы арзандаған әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізімін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Министрліктің мәліметінше, көкөніс, қарақұмық жармасы сияқты бірнеше азық-түліктің бағасы былтырғы тамыз айындағы бағамен салыстырғанда біраз арзандаған.
Сауда министрлігінің есебі бойынша, күнбағыс майының құны 150 теңгеге арзандады. Қарақұмық жармасы – 100 теңгеге, ал сәбіз, пияз, қырыққабат сияқты маусымдық көкөніс 50 теңгеге арзандаған. Қант пен ұнның құны да сәл түскен. Тек макоронның бағасы өзгеріссіз қалды дейді ведомство өкілдері.
Әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасы:
2023 | 2024 | |
Күнбағыс майы | 781 теңге/л | 626 теңге/л |
Қарақұмық жармасы | 338 теңге/кг | 222 теңге/кг |
Пияз | 177 теңге/кг | 129 теңге/кг |
Қырыққабат | 159 теңге/кг | 124 теңге/кг |
Сәбіз | 198 теңге/кг | 188 теңге/кг |
Қант | 434 теңге/кг | 415 теңге/кг |
Ұн | 232 теңге/кг | 228 теңге/кг |
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.