Оқырмандардың басым көпшілігі әншінің мұндай күйде жүруіне жақсы көңіл күй әсер еткен деп болжады.
«Басқаша гүлдей бастадым»: Ерке Есмахан балалы болғаннан кейін бойында қандай өзгеріс болғанын айтты
10,978
оқылды

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында балалы болғаннан кейінгі өзінде қандай өзгеріс болғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

«Босанған соң шашың түседі, дымы қалмай» дейтін еді ғой. Менікі керісінше, тез өсіп, қалыңдап кетті. Тіпті, тұла бойым өзгеріп, басқаша гүлдей бастадым. Негізі менің табиғатым керісінше ма бірдеңе. Өздеріңіздің өзгерістеріңізді жаза өтіңіздер»,  деп жазды әнші. 

Оқырмандардың басым көпшілігі әншінің мұндай күйде жүруіне жақсы көңіл күй әсер еткен деп болжады.

«Бағбаныңыз жаксы бағып жатқаннан шығар», «Көңіл күйі жақсы адамның шашы түспейді. Махаббатқа шомылып, жайнап жүрсіз ғой», «Құлпыртып отырған бағбаныңыз жақсы болғаны ғой», –  деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.