Бұл туралы IQanat жобасының қамқоршысы Айдын Рахымбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
Дуров Қазақстанның шалғай ауылдарындағы балаларды оқытуға $350 000 бөлді
1,923
оқылды

Telegram және «ВКонтактенің» негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанның шалғай ауылдарындағы 12 баланың IQanat мектебінде білім алуы үшін 350 мың доллардан астам қаражат бөлді, –  деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы IQanat жобасының қамқоршысы Айдын Рахымбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Гранттар оқу, жатын орын, тамақтану, оқулықтар алу сияқты өзге де шығындарды өтейді. Бұл балалардың білім деңгейін көтеріп, жетістікке жетуіне мүмкіндік береді.

Павел Дуровтың грантына ие болғандардың дені негізінен көпбалалы және тұрмыс деңгейі төмен отбасыдан шыққан. Кәсіпкер әрбір баланың жағдайымен жеке танысып, олардың қандай ауылдан келгенін әрі қандай академиялық жетістіктерге жеткенін білді.

Бұл қолдауы арқылы меценат көп жағдайда мүмкіндігі географиялық және қаржылық тұрғыда шектеліп жататын дарынды балаларды қолдаудың қаншалықты маңызды екенін танытты.

12 жасөспірім Қазақстан бойынша 50 мыңнан астам ауыл балалары арасында өткен республикалық IQanat олимпиадасының финалистері арасынан іріктеліп алынды. Жоғары нәтиже көрсеткеніне қарамастан, мектепте оқуға жолдама ұтып алған ТОП-100 жеңімпаздар қатарына енуге балаларға аз ғана балл жетпей қалды.

Енді үздік деп танылған балалар үш жыл бойы Бурабайдың табиғаты көз тартар аймағында орналасқан мектепте білім алады. IQanat мектебіне оқуға түсу – жарқын өмірге «жолдама» алумен тең. Себебі IQanat түлектерінің 90%-ы Қазақстан мен шетелдің үздік университеттеріне грантқа оқуға түседі.

Айта кеткен жөн, айқанаттықтар әлемнің 16 елінде білім алып жатыр.