Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.
«Жетісу» футбол клубының спорт директоры сотталды
819
оқылды

Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубының спорт директоры Д.Иманқұловқа қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Антикорға сілтеме жасап. 

Ол футболшының еңбек шартына бонус беру сылтауымен 5,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

– Сот үкімімен оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, – делінген хабарламада. 

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.