Продюсер ел алдында жүрген әрбір адам әр сөзін ойланып айтуы керегін баса айтты.
«Меккеге барып, кейін мас күйде жүргендеріңді көрсетесіңдер»: Баян Мақсатқызы әнші Ұланғасыр Қамиге ескерту жасады
Фото: instagram.com/ bayanmaxatkyzy
3,970
оқылды

Продюсер Баян Мақсатқызы әнші Ұланғасыр Қамиді діни алауыздық тудырғаны үшін сынға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Продюсер ел алдында жүрген әрбір адам әр сөзін ойланып айтуы керегін баса айтты.

«Дінге қатысты пікір әркімдікі өзі үшін. Құдай әр адамның жүрегінде, сөзінде, киімінде емес. Меккеге барып, құлшылық етіп, фото саласыңдар. Кейін іш киіммен, мас күйде жүргендеріңді көрсетесіңдер. Мұндай оқиға бірінші рет болып тұрған жоқ», – дейді продюсер.

Айта кетейік, әнші Ұланғасыр Қами күйеуі әйелін өлтіріп қойып жатқан оқиғалар әйелдердің хиджаб кимеуінен басталатынын айтқан еді.

Оның бұл пікірі қоғамда дау тудырды. Осыдан кейін Қостанай тұрғыны Саида Сисембаева ІІМ-ге әншінің үстінен арыз түсіргенін айтты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.