Әншіге тыңдармандарының бірі «Ажырасқаннан кейін күйеуді қалай табуға болады? Сенудің өзі қиын» деген сұрақ қойған.
«Анда жоқ, мында жоқ деп жүріп таптым»: Ерке Есмахан Раймға қалай тұрмысқа шыққанын айтты
Фото: instagram.com/ erke_esmahan
8,344
оқылды

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында қыздарға кеңес берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әншіге тыңдармандарының бірі «Ажырасқаннан кейін күйеуді қалай табуға болады? Сенудің өзі қиын» деген сұрақ қойған. Ерке Есмахан тыңдарманының сұрағына жауап берді.

«Неге сенудің өзі қиын? Мен мысалға ажырасқаннан кейін 12 жылдан соң тұрмысқа шықтым. Маған күйеу для галочки керек емес еді. Маған мені түсінетін, аялайтын, қалай бар, солай мені қабылдайтын, шынайы ғашық адамға ғана екінші рет күйеуге шығамын деп өзіме-өзім сөз бердім. Аллаға шүкір, осы бар талабым Раймның сүйіспеншілігімен ұштасты. Анда жоқ, мында жоқ деп жүріп таптым. Бойдақ қыздар, ажырасқан қыздар, ешқайда асықпаңыздар. Бәрі өз уақытында, өз ретімен болады. Тек күйеуге шығуды ойлап өмір сүрудің керегі жоқ, фокусты өзіңізге бұрыңыз. Тұрмыстамын немесе тұрмыста емеспін деген статус емес бастысы, бастысы бақытты болу», – деп жазды Ерке Есмахан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.