Жұлдызды жұп Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның отау құрғанына 25 жыл толып отыр, – деп жазды Aikyn.kz.
Осыған орай 20 тамызда әншілер күміс тойын тойлап жатыр. Өнер иелері 1999 жылы үйленген.
«Қайтадан тұрмысқа шығып жатырмын. 20 тамыз Қыдекең екеуіміз үйленген күніміз. Құттықтап жатқан жандарға алғысымыз шексіз. ..."Тамшылар" әнімен жігітім жүрегімді жаулаған еді. Алла Тағалам сол тәтті шақтарды еске түсіргісі келген-ау», – деп жазды Қарақат Әбілдина желідегі парақшасында.
Айта кетейік, бүгінде Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдина көпбалалы отбасы. Олар 4 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.