Актриса Айгүл Иманбаева күйеуге шыққанын растады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі күйеуімен қалай танысқанын “Мамский әңгіме” подкастында айтып берді.
“Таныстарыма “Менің тойым шетелде болады. Төлқұжаттарыңды дайындаңдар” деп айта беруші едім. Сол да орындалайын деп тұр. “Болашақпен” оқуға кетіп бара жатқанда менің өмірімде ол адам болмады. Англияға барғанда менің ағылшыным өте нашар болды. Айналам тек ағылшынша сөйлейтін адамдар. Ол кезде қайдан жігіт ойлайсың?! Сабаққа баспен кірдім. Күйеуім 10 жылдан бері Америкада тұрады. Қызы Лондонда оқиды. Өзім секілді ажырасқан жігіт. Тағдырымыз ұқсас болып тұр. 1977 жылы дүниеге келген. Найман руының жігіті. Бірақ менен алты ай ғана кіші. Ортақ достарымыз арқылы таныстық. Ең алғаш көргенде “мына жігітті 15 жыл бұрын түсімде көрдім” дедім. Телефон алмастық. Менің әртіс екенімді білмейтін болып шықты. ҚазҰУ-дың филология факультетін бітірген”, – дейді актриса.
Өнер иесі болашақ жары ұсыныс жасаған сәт туралы әңгімеледі.
“Жаңа жылды бәріміз Лондонда қарсы алғанбыз. Ұлым мен келінім, оның қызы да келді. Сол кезде ресми баламмен таныстырдым. Күйеуім ұсыныс жасағанда, “Асека, мен не істеймін?!” деп ұлыма бірінші хабарластым. Оның да жанына менің жалғыз жүргенім бататынын сезетін едім. “Мама, оның бойында ешқандай комплексі жоқ. Өзіне не қажет екенін білетін, ақыл тоқтатқан, білімді адам. Маған Ерлан аға ұнайды. Бақытты болыңыз” деді. Содан Лондонда неке қиылып, бас қостық. Қазіргі тапқан адамым – мәңгілік махаббатым. Саналы түрде шешім қабылдадым”, – деді Айгүл Иманбаева.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.