Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Таразда көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды
441
оқылды

Тараз қаласында бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға орнына жылдам жеткен өрт сөндірушілер 5 тұрғынды баспалдақ арқылы эвакуациялады.

– Тұрмыстық заттардың жануы 20 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, – делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Осы ретте ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.