Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
ТЖМ өкілдері балықшыларға маңызды ескерту жасады
941
оқылды

Петропавлдық құтқарушылар балықшылардың судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауы бойынша профилактикалық рейдтер жүргізуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Әуесқой балық аулау өңірдің барлық дерлік су қоймасында жүзеге асырылады, бірақ балықшылар Есіл өзенін ерекше жақсы көреді. Рейд барысында ТЖМ қызметкерлері балықшылардың үстінде құтқару кеудешелерінің болуын және жүзу құралдарында жолаушылар сыйымдылығы нормаларының сақталуын талап етеді, – делінген хабарламада. 

Осы ретте ТЖМ су объектілерінде болған кезде барлық сақтық шараларын қатаң ұстануды талап етеді!

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.