Актриса Айгүл Иманбаева “Мамский әңгіме” подкастында ұлы мен келіні туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Актриса келініне бір орында тұрып қалмай, үнемі даму үстінде жүруге кеңес берген.
“Ұлым рухани дүниелерге жақын. Ол бренд заттарға қызықпауы мүмкін. Бірақ рухани дүниені байытатын білім теріп жүреді. Келінімнің де соның деңгейінде болғанын қалаймын. Босаға аттап келген күнінен бастап, “Салпы етек, басында орамалы бар, күндіз-түні әлеуметтік желіні ақтарып отыратын келін болма” деп ескерттім. “Дамуды тоқтатпай, өзіңнің қызығушылығыңды жаса” дедім. Менен гөрі анамның жанында көбірек болады. Сол кісі бәрін үйретіп жүр. Өткенде үйге барсам, сәлем салып, орамалын тағып алыпты”, – дейді актриса.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.