Әнші Айгүл Иманбаева ALEF Production YouTube арнасына берген сұхбатында тұрмысқа шығуына қатысты жайт туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Актрисаға құрбысы Баян Мақсатқызы хабарласып, түс көргенін айтқан.
"Баян түс көреді. Сосын маған хабарласып, "Сен тұрмысқа шығайын деп жатырсың ба?" деп сұрады. "Жоқ" деймін ғой. "Мен босқа түс көрмеймін. Сен тұрмысқа шығасың. Ақ көйлекпен көлікте отыр екенсің, қасыңда мен бармын" деді. "Әумин, айтқаның келсін" дедім. Ал күйеуім маған ұсыныс жасағанда бірінші Баянға хабарластым. Ол қуанғаннан жылап жіберді. Өйткені сенің бақытыңа, қуанышыңа ешкім қуанбайды. Сосын Баян "фотосын бізге де жіберме, халықтың адамысың, ешкімге ештеңе көрсетпе. Уақыт келеді, сол кезде танысамыз", - деді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.