Қайғылы оқиға кеше кешке болған.
Ақтауда суға батып кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті табылды
Фото: Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі
1,204
оқылды

Ақтауда суға батып кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Облыстық ТЖД мәліметінше, құтқару тобы жігіттің денесін бүгін Солдат жағажайынан тапқан.

– Іздеу жұмыстары барысында жігіттің денесі екі метр тереңнен, Солдат жағажайы маңындағы жағадан 300 метр қашықтау жерден табылды, - деді өңірлік ТЖД өкілдері.

Қайғылы оқиға кеше кешке болған. Каспий теңізі жағалауындағы Солдат жағажайы маңында 2006 жылы туған жігіт суға батып кетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.