Актриса Нұргүл Мыңғатова жақында тұрмысқа шығатынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Актриса тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты жаңалығын жеткізді.
"Жеке өмірім туралы көп айта бергім келмейді. Бұрыннан сондаймын негізі. Жеке өмір деген, ол – жеке өмір. Қазір жеке өмірімде өзгерістер болайын деп жатыр. ...Тұрмысқа шығайын деп жатырмын", – деді актриса.
Актриса бірден той жасағысы келетінін айтты.
"Ұзатылып жатсам ұят болар. Сыңсу айтып жылап жатпайтын шығармын. Мен кетсем, керісінше бәрі қуанатын шығар. Бірден ақ көйлек киіп, үлкен той жасаймыз деп отырмыз. Биыл болмай қалса, келесі жылы, әйтеуір бір той болады ғой", – деді Нұргүл Мыңғатова.
Күйеу жігіттің кім екенін сұрағанда «Ауылдың қарапайым жігіті» деп жауап берді.
Айта кетейік, актриса Нұргүл Мыңғатова көрерменге «Келінжан» сериалы арқылы танылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.