Әкімдіктер мен ауруханалар маймыл шешегінің таралуының алдын алуға дайын болуы керек. Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Н.Сәдуақасов «Қазақстан Республикасына маймыл шешегінің әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Шетелдік студенттерді, атап айтқанда, соңғы 21 күн ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған тізімге сәйкес маймыл шешегі бойынша эндемиялық елдерден келген немесе оларға барған қазақстандықтарды медициналық бақылау тапсырылды.
Көлік министрлігіне дене қызуы жоғары адамдарды қашықтықтан анықтауға арналған температураны байланыссыз өлшеу жүйесін орнату, көліктерде жеке қорғаныш құралдарының (бетперделер, қолғаптар), қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының болуын және тағы басқа шараларды қабылдау жүктелді.
Қаржы министрлігіне мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды күшейту тапсырылды.
Қаулы 28 тамызда күшіне енеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.