Оқиға Алматы облысындағы Жандосов ауылында болған.
Алматы облысында ер адам итті көлігіне байлап, сүйреді (видео)
Фото: istockphoto.com/ru
407
оқылды

Алматы облысында ер адам итті көлігіне байлап, сүйреген. Аталған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға 27 тамыз күні Алматы облысындағы Жандосов ауылында болған.

– Итті көлікке байлап, сүйреген. Ол қылғынып қала жаздады. Ер адамды тоқтатып, итті босатуын талап еттік. Адам емес. "Бастық осылай әкетуге бұйырды" деп жауап берді, – дейді видео авторы.

Алматы облысының Полиция департаменті Қарасай ауданының полицейлері күдіктіні анықтап, ұстағанын хабарлады. Оған қатысты жануарларға қатыгездік жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.