«Рахман қайнары» шипажайы 1964 жылы ашылған.
«Рахман қайнары» шипажайы мемлекет меншігіне қайтарылды
557
оқылды

Шығыс Қазақстандағы атақты «Рахман қайнары» шипажайы мемлекет меншігіне қайтарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ШҚО әкімдігіне сілтеме жасап. 

Сауда-саттық нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына берілді. 

– 22 тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінде нысанды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды. Шипажайды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ, деп атап өтті ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев.

Айта кетейік, «Рахман қайнары» шипажайы 1964 жылы ашылған. Негізгі емдік фактор – ауруларды емдеу үшін қолданылатын минералды радон сулары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.