Тергеу тоғыз айға дейін созылған еді.
17 жастағы студенттің өліміне кінәлілер сот алдында жауап берді
839
оқылды

Ақтөбеде кісі өлімімен аяқталған жаппай төбелеске кінәлілерге қатысты сот отырысы басталды. Айыпталушы  алты жігіт. Олар адам өлтіріп, бұзақылық жасағаны үшін қамауға алынған болатын, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Алғашқы сот отырысына қатысушылар көп болды. Залда ине шаншар жер жоқ. Тергеу тоғыз айға дейін созылған еді.

Бұл қанды қылмыс жыл басында қала шетіндегі Қызылжар ауылында болған. Әлеуметтік желіде сөзге келген екі студент жақтастарын ертіп түн жарымында дүкен маңында кездесуге уағдаласады. Екі жақ болып жұдырықтасқан соң, қарсы тарап төрт жігітке пышақ сұққан. Суық қару 17 жастағы студенттің көк тамырына тиіп, жүрегін жарақаттаған. Ол оқиға орнында тіл тартпастан көз жұмды. Ал жарақат алған үш жігіттің беті бері қарап, қазір куәгер ретінде жауап беріп жатыр.

Прокурор, айыпталушы алты жігіттің ауыр қылмысқа алдын ала арнайы дайындалып барғанын айтады. 

– Бір топ адам өзара алдын ала сөз байласу арқылы бұзақылық ниетпен пышақ қолдана отырып, Қызылжар елді мекені жігіттерін жаралаған. Әрқайсысының қылмыстық ойы бір екенін білдіріп және соған бағытталған іс-әрекетті бірге жүзеге асыруға келіскен, – дейді Ақтөбе облысы прокуратурасының аға прокуроры Азамат Бақытжанов. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.