Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Сатыбалдының экс-жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сот шешімі бойынша Гүлмира Сатыбалды –12 жылға, Мәди Батыршаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Гүлмира Сатыбалды Қылмыстық кодекстің бірқатар бабымен адамды заңсыз бас бостандығынан айыру, бопсалау секілді айыптар тағылды.
Оның жүргізушісі Мәди Батыршаевты да заңсыз бас бостандығынан айырды деп айыптады. Сотта прокурор Сатыбалдыны 13 жыл, ал Батыршаевты 9 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сотталушылар мен олардың адвокаттары соттан оларды ақтауды сұрады. Сатыбалды орташа қауіпсіздік мекемесінде 12 жыл жазасын өтейді. Оның көмекшісі – Батыршаевқа 9 жыл берілді.
Сот сотталған Сатыбалдыдан жәбірленуші Ж.-ның пайдасына 2,6 млрд теңге материалдық шығын, сонымен қатар 10 млн теңге моральдық шығын, сотталған Батыршаевтан 2 млн теңгені өндірді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.