ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов зейнетақы жүйесіне қатысты жұмыс тобында БЖЗҚ-дан зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талаптарын күшейтуді пысықтап жатқанын айтты.
Зейнетақы жинағын алу: Ұлттық банк талаптарды күшейтуді ұсынды
Фото: massaget.kz
2,184
оқылды

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов зейнетақы жүйесіне қатысты жұмыс тобында БЖЗҚ-дан зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талаптарын күшейтуді пысықтап жатқанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазір Үкіметтің әлеуметтік блогы жұмыс тобында зейнетақы жүйесінің контуры талқыланып жатыр. Бұл жұмыс тобында Ұлттық банк өкілдері де қамтылған. Менің ойымша, оны реформалау керек екеніне ешкім күмән келтірмейді. Бұл өз кезегінде өте күрделі процесс екені түсінікті. Осы тұрғыда зейнетақыға біраз фактор әсер етеді, яғни өмір сүру ұзақтығы, халық саны, инфляция, халықтың нақты табысы сияқты мәселені назарға алу керек», – деді Т.Сүлейменов елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ең төменгі жеткіліктілік шегінен асқан зейнетақы жинағын алу қысқартылуы мүмкін.

«Әсіресе, медициналық қызметке, стоматологияға қаражат керек деген желеумен мәліметтерді бұрмалаудың түрлі жағдайы кездесіп жатыр. Шын мәнінде, осы қаражат басқа мақсаттарға алған. Мұндай іс-қимылдарға жол бермес үшін талаптарды күшейту керек. Атап айтқанда, осы идея пысықталып жатыр», – деді ҰБ басшысы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.