Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Өткен тәулікте 8 тұрғын үйде өрт шықты
858
оқылды

Өрт сөндірушілер Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы, Орал қалаларында сегіз өртті сөндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық өрт сөндірілді.

– СҚО-да өртті сөндіру кезінде 1963 жылы туған үй иесінің мәйіті табылды, – делінген хабарламада. 

ТЖМ азаматтардан тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.