Жақында тұрмысқа шыққан актриса Айгүл Иманбаева енесінің кім екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Актриса бұл туралы «Сырласу» бағдарламасында баяндады.
«Жолдасым "Менің мамам әнші ғой" деді. Кім екенін сұрадым. "Ақжан Жайсаңбаева, «Айгүл» ансамблінің ең алғашқы солисі" дейді. Менің атымды «Айгүл» ансамблінің құрметіне қойған. Бұл қалай сонда? Сонда барып Алла Тағаланың бұл азаматты әу заманда менің маңдайыма жазғанын түсіндім. Тек ол да үйленіп, өмірге қызы келуі керек болды. Менің де тұрмыс құрып, өмірге ұлым келуі керек болды. Екеуміз өмірді сүріп, өмірдің мән-мағынасын түсініп, толысып барып кездесуіміз керек болған екен ойладым», – дейді актриса.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.