Күдіктілердің екеуі бұрын сотталған.
Зорлық-зомбылық идеологиясын насихаттаған 6 адам ұсталды – ҰҚК
622
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Алматы қаласында, Қарағанды, Түркістан, Ұлытау облыстарында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Деструктивті діни ағымның жақтаушысы болған Қазақстанның 5 азаматы мен 1 шетелдік ұсталды. Олар өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер және басқа да жолдармен таратты деп күдіктелуде.

– Заттай дәлелдемелер табылды және алынды, оның ішінде 3 ұрыс гранатасы бар.

Күдіктілердің екеуі бұған дейін тонау және ұрлық үшін сотталған, – делінген хабарламада.

Ұсталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы  1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.