Тергеу барысында салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты алынып, 3 есірткі алқабы жойылды.
Қызылорда облысында есірткі өсірген қылмыстық топтың 22 мүшесі қолға түсті
Фото: Алматы облысы ПД
1,782
оқылды

Қызылорда облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен  2022-2023 жылдар  аралығында Қызылорда облысы аумағында есірткі заты марихуананың голландиялық түрін өсірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тергеу барысында салмағы 1,5 тоннадан астам есірткі заты алынып, 3 есірткі алқабы жойылды.

Сот санкциясымен қылмыстық топтың 22 белсенді мүшесі қамауда.    

Тергеу аяқталды. Іс құжаттарымен танысу процесі жүргізілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.