Продюсердің жақында екі қызы өмірге келген болатын.
«Қойдың майын жағамын»: сәбилі болған Баян Мақсатқызы бала күтімі жайлы айтты
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
2,498
оқылды

Жақында сәбилі болған Баян Мақсатқызы оқырмандарының бала күтіміне қатысты сынына жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Продюсердің жақында екі қызы өмірге келген болатын. Сәбиімен далада жүрген Баян Мақсатқызына желі қолданушылары қырқынан шықпаған баланы сыртқа шығаруға болмайтынын айтқан.  

"Қырқынан шықпады ғой. Әсіресе балаға сыртқа шығуға болмайды ғой қазақ ырымында", – деп жазды оқырманы. 

Оған продюсер "Қойдың майын жағып үйде отыра беріңіз" деп жауап берген. 

Кейін продюсер расымен сәбиіне қойдың майын жағатынын айтты. 

"Айтпақшы, қойдың майын жағып жатырмын. Бірақ күніне екі рет далаға шығамыз", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Сонымен қатар продюсер қыздарын қазақ тілін жетік білетіндей етіп тәрбиелейтінін айтып, кітаптарын көрсетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.