Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Мақпал Жүнісова 40 жыл бұрын киген костюмін көрсетті
Фото: instagram.com/ zhunusova.makpal
4,263
оқылды

Әнші Мақпал Жүнісова 40 жыл бұрын киген костюмін көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Айтуынша, сол киіммен әлем елдерін аралап, ән салған. Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«Осы костюмді әбден тоздырып кидім. 1985-те "Гүлдер" ансамблі тіктіртіп берген. Бомбей қаласында 40 күн фестиваль Советской песни өтті. Қазақстаннан Бибігүл Төлегенова, "Мұрагер" ансамблі, мен және "Гүлдер" ансамблінің бишілері қатысты. 100 мыңдық стадионда күнде лық толы халық болатын. Союзға кіретін Республиканың өнер шеберлерімен өткен керемет 40 күн өте шықты. Мәскеуден Алла Пугачёва, бишілері, В.Леонтьев, Грузия, Армения, Әзербайжан би топтары болған еді. Бұл көйлек Шри-Ланка, бүкіл Қазақстан облыстарына киіліп, 1989 жылы "Медеу" айдынында "Алтын Алма" фестивалінде соңғы рет кидім. Мароккода болғанда да киілген», – деп жазды әнші. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.