Бұл ақпаратты Антикор өкілдері растады.
Алматы облысы Іле ауданының әкімі қамауға алынды
934
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевты қамауға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Антикорға сілтеме жасап. 

Аудан әкімі лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, қызметтік өкілеттігін асырды деген күдік бойынша ұсталды.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында Алматы облысының аудан әкімі мен басқа да тұлғалардың әшкереленгенін растайды. Соттың рұқсатымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының шеңберіндегі өзге де мәліметтер таратуға жатпайды, – деді Антикор өкілдері.