Алматы облысының прокуратурасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Іле ауданында орналасқан қоқыс полигонының қызметін бірлесіп тексеруді аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алматы облысы прокуратурасының хабарлауынша, 2024 жылғы 3 қыркүйектегі жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде әкім Б.Қарасаев сыбайлас жемқорлық қызметіне күдік бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-131-баптары тәртібінде ұсталды.
Оған кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және мемлекеттік мүдделерге нұқсан келтірді деп айып тағылды.
Аталған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
2024 жылдың 4 қыркүйегінде прокуратура бұлтартпау шарасын санкциялау үшін қылмыстық іс материалдарын сотқа жолдады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.