Жамбыл облысында прокурорлар пайдаланылмай жатқан жалпы көлемі 2 710 гектар болатын 5 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мемлекетке қайтарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жер учаскелерінің жалпы кадастрлық құны 15 млн теңгеден асты.
Прокуратураның мәліметінше, 2022 жылы жергілікті атқарушы орган ауданда жұмыс істемейтін серіктестікке жер учаскелерін берген.
Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесімен жер мемлекеттік жер қорына қайтарылып, ауылдық округтердің тұрғындарына мал жаюға берілді. Осылайша жайылым тапшылығы мәселесі азайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.