Жағдайға қатысты Атырау облыстық Білім басқармасы да мәлімдеме жасады.
Атырау облысында мектептегі ерлер дәретханасын әйел директор камерамен бақылаған
Фото: t.me/guwonline
3,431
оқылды

Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы орта мектептің ерлер дәретханасына бейнебақылау камерасы орнатылғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мектеп директоры ақпаратты растады.

«Мектеп дәретханасында бірнеше рет материалдық шығын келтіріліп, ұсақ бұзақылықтың болуына байланысты қолжуғыштарды түсіруге бейнекамера орнату керек болды. Алайда оқушылардың құқығы бұзылған жоқ. Камераны орнату туралы шешім мектеп әкімшілігі мен қамқоршылық кеңесінің басшысымен бірлесе қабылданған. Бұл шара тек тәртіпті сақтау және одан әрі заңбұзушылықтардың алдын алу үшін қабылданды. Жазбаларды мен ғана көре аламын», – деді мектеп директоры Тәттігүл Қалиева.

Жағдайға қатысты Атырау облыстық Білім басқармасы да мәлімдеме жасады. Белгілі болғандай, қазір осы жағдайға қатысты арнайы комиссия құрылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.