Анасы оған балалы келіншекпен бас қосу керек екенін айтқан.
«Баласы бар келіншекке үйленші»: шоумен Жахан Отарғалиевқа анасы кеңес берді
Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev
6,581
оқылды

Актер, шоумен Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында анасы кеңес беріп жатқан сәтте түсірілген видеоны жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.   

Анасы оған балалы келіншекпен бас қосу керек екенін айтқан.

«Сен мені мұқият тыңдап ал. Бәлен жылдан бері қиналып жүргеніңді білемін. Ешкімге айтқың келмейтінін, жан-жақтағы туыстарға білдіргің келмейтінін де білемін. Мен бәрін де түсінемін. Сен баласы бар келіншекке үйленші. Баланың еш кінәсі жоқ. Саған ол өз балаңдай болып кетеді. Бала деген еш уақытта саған масыл болмайды. Бала – деген бақыт. Баланың артынан бала ілеседі. Осы туралы ойланып көр. Сен айтпағанмен мен бәрін де жүрегіммен сеземін. Себебі мен – анамын», – деді видеода актердің анасы.

Актер анасының ақылы орынды деп санайтынын жасырмады. Ол бұған дейін ең үлкен арманының бірі балалы болу екенін айтқан болатын.

«Анам дұрыс айтатын сияқты, сіз қалай ойлайсыз?», – деп жазды ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жахан Утаргалиев 🎬 (@zhahan_utargaliyev)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»     Telegram   арнасынан таба аласыз.