ІІМ бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Шымкентте полиция басшылары ұсталды – ІІМ түсініктеме берді
Фото: ҚР ІІМ
4,278
оқылды

Ішкі істер министрлігі Шымкентте полиция басшыларының ұсталуына қатысты түсінік берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Шымкент ПД Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бақтияр Баяновты және полиция аға лейтенанты Қуаныш Әбдалин ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Ондағы ақпаратқа сәйкес, олар мемлекетке шамамен 370 млн теңге шығын келтірген.

ІІМ бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрінің тапсырмасымен Өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметтік тексеруді бастады. Оның қорытындысы бойынша, қатаң шара қабылданып, кінәлілер заңға сәйкес жазаланады", – деп жазылған хабарламада.

ІІМ құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеу принципін ұстанады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.