Белгілі әнші Мақпал Жүнісова желіде қызу талқыланған видеосынан кейін халықтан кешірім сұрады.
Мақпал Жүнісова әлеуметтік желі арқылы халықтан кешірім сұрады
Фото: видеодан алынды
29,996
оқылды

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова желіде қызу талқыланған видеосынан кейін халықтан кешірім сұрады,– деп хабарлады Aikyn.kz.

"Құрметті ағайын! Менің таңдағы видеома кешіріммен қараңыздар! Қазір ғана әпкем хабарласып, мендей сіңлісі барына ұялатынын айтты. «Сен біздің масқарамызды шығардың! Сендей сіңлім барына өкінемін» деп маған қатты сөздер айтып жатыр. Жарайды, өмір сүре берсін! Мен де өлемін. Сүлеймен де өлген. Патшалардың бәрі өледі. Басымды қатырмаңдар! Кері қайтсаңдар, кері қайтып кетіңдер! Әкемнің аруағы қолдасын", – деді әнші.

Айта кетейік, әнші халықтың 10 пайызы өзін «оңбаған, әнші емес, алқаш» (кейіпкердің сөзі қаз-қалпында жазылды) дейтінін айтқан болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.