Бас прокуратурада дзюдодан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Елдос Сметовпен кездесу өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Құттықтау сөзінде Бас прокурор чемпионды Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтап, оның отандық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан зор үлесін атап өтті.
– Бас прокуратура басшылығы Олимпиада чемпионына алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, кездесу барысында Е. Сметов Бас прокуратураның дене шынықтыру-сауықтыру кешенімен танысты.
Бұған дейін Елдос Сметовке Астанадан үш бөлмелі пәтер берілгенін хабарлаған болатынбыз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.