Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мәжіліс депутаттары бірнеше заң жобасын жұмысқа алды
430
оқылды

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында депутаттар бірнеше заң жобасын қорытынды әзірлеу үшін жұмысқа алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Олар мынадай заң жобалары:

  • Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы;
  • Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Франция Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында Француз даму агенттігі тобының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы;
  • 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуға қатысты бөлікте өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы.