“До Мажор” тобының мүшесі, әнші Ермек Мұқашев “Астарлы ақиқат” бағдарламасында топтың таралу себебін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Айтуынша әншінің денсаулығы сыр беріп, топтан кетуге мәжбүр болған.
“Жұтқыншағым ауырды, қатерлі ісік болды. Денсаулығыма байланысты топтан кетемін деп шешім қабылдадым. Топтың тірлігімен араласатын шамам да, көңіл күй де болмады. Тіпті, өнер түгілі отбасыма қарайтын жағдайым болмай қалды. Әйелім мен бала-шағамды да ұмытып, денсаулығыммен әуре болып кеттім. Бастысы үміт, талпыныс және тәртіп екен. Дәрігердің айтқанын істеп, 6 айда толықтай айығып шықтым", – деді Ермек Мұқашев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.