Бүгін ауа райы қандай болады?
Тұман, жел, жауын-шашын: 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
701
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін баяу жылжитын антициклон әсерінен республиканың басым бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Тек Қазақстанның шығысында фронталды бөліктер әсерінен жаңбыр жауады. 

Ел аумағы бойынша жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Ұлытау облысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, Ақтөбе облысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының шығысында, Алматы облысының орталығында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.