«Tomiris» партиялық жобасы көшбасшы әйелдердің тұрақты қауымдастығын қалыптастыру үшін құрылған Әйелдер қанаты аясындағы «AMANAT» партиясының негізгі бастамасын білдіреді.
«Әйелдердің саяси көшбасшылығы» тақырыбына арналған оқудың ашылу салтанаты өтті
698
оқылды

2024 жылғы 12 қыркүйекте «AMANAT» партиясының Алматы қалалық филиалында «Tomiris» партиялық жобасы аясында «Әйелдердің саяси көшбасшылығы» тақырыбына арналған оқудың ашылу салтанаты өтті.

Жобаны «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен жүзеге асыруда. 

«Tomiris» партиялық жобасы көшбасшы әйелдердің тұрақты қауымдастығын қалыптастыру үшін құрылған Әйелдер қанаты аясындағы «AMANAT» партиясының негізгі бастамасын білдіреді. Жобаның мақсаты – әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыра алатын және қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін шеше алатын белсенді және ықпалды әйелдерді даярлау.

Ашылу салтанатында «AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясы директорының орынбасары С. Бақтымбет жоба жұмысының екі жылында 70-тен астам әйел саяси коммуникациялар, көшбасшылық, жобаларды басқару және гендерлік күн тәртібі саласындағы білімдерін кеңейте отырып, оқудан өткенін атап өтті. Бұл жобаға қатысушыларға өз әлеуетін ашуға мүмкіндік берді, атап айтқанда, 2023 жылы 12 қатысушы мәслихат депутаттары болып сайланды. Жобаға қатысу үшін жыл сайын еліміздің әртүрлі өңірлерінен 300-ден астам өтінім беріледі, олардың ішінен конкурстық негізде 40 финалист іріктеледі.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж. Сүлейменова «Tomiris» партиялық жобасы сияқты бастамалар арқылы әйелдердің саяси белсенділігін күшейтудің және олардың көшбасшылық қасиеттері мен құзыреттерін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Депутат Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси шешімі бойынша Қазақстан әйелдерінің құқығын қорғау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар маңызды қадамдар жасағанын атап өтті. Жақында қабылданған «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігі туралы» Заң, сондай-ақ гендерлік теңдік пен заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа реформалар мұны растайды. «Біз ауылдық жерлерде тұратын әйелдердің құқықтарын қорғауға ерекше назар аударамыз және оларды әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан қолдауға тырысамыз».

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Л. Рамазанова Қазақстан әйелдері экономикадағы негізгі күш болып табылатынын, дәстүрлі ер азаматтар  жұмыс жасайтын салаларда табысты еңбек етіп, жылдам өзгеріп жатқан әлемде жетістікке жету үшін қажетті барлық қасиеттерге ие екенін атап өтті.

Оның сөзінше, XXI ғасырда тіл тапқыштық, эмоциялық интеллект, көшбасшылық қасиеттер, командамен жұмыс істей білу секілді «жұмсақ» дағдылардың (soft skills) рөлін дұрыс бағалау қажет. Сонымен бірге Ләззат Рамазанова күннен-күнге қатты сұранысқа ие болып жатқан жасанды интеллект тақырыбына да көңіл бөлді:  

Қазақстандағы әйелдердің саяси көшбасшылығы Орталық Азия өңірінің басқа елдерімен салыстырғанда жоғары деңгейге жеткенін атап өтті. Әйелдердің экономикалық құқықтарын қорғауға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады, реформалар әйелдерге арналған шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламаларын күшейтуге бағытталған. Бұл бастамалар әйелдердің экономикалық автономиясын қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың қоғамдағы ықпалын арттырады.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрайымы А. Көбеева әйелдердің саяси көшбасшылығының маңыздылығын атап өтіп, әйелдердің саясатта ажырамас орны бар екенін және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының осы партиялық жобаға бүгінгі қатысуы, олардың жоғары деңгейде шешім қабылдаудағы тәжірибесі бүгінгі қатысушылар үшін құнды білім көзі болып табылатынын белгіледі.

«Бүгін осы жерде еліміздің түкпір-түкпірінен іскер, белсенді және мықты әйелдер жиналды. Мұндай кездесулер болашақта ортақ мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін пікірлестердің мықты командаларын қалыптастыратынына сенімдімін», – деді ол.

«IteachMe» қорының директоры және «Tомирис-2023» қатысушысы З. Бегалиева өзінің жеке тәжірибесімен бөлісіп, жоба оның өмірін қалай күрт өзгерткенін және оған мүгедектігі бар адамдарға арналған IT саласындағы білім беру жобасын іске қосуға, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі, Қазақстандағы мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің басшысы болуға  және Қазақстанда мыңдаған мүгедектер күтіп отырған алғашқы 2030 жылға дейінгі  Инклюзиялық саясат тұжырымдамасын әзірлеуге көмектескенін айтты.

Оқытуға көшбасшылық, гендерлік теңдік, саяси коммуникациялар және PR саласындағы жетекші қазақстандық сарапшылар да қатысты.

Оның қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталады.